«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап кетті

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап кетті

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан екі жұмысшы құлап, көз жұмды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қалалық полиция депаратментінің мәліметінше,10 тамыз күні "Алматы" аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне "A-City" тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанында екі адамның биіктен құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Анықталғандай, А.Байтұрсынов көшесінің бойында салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешенінің қасбеттік жұмыстарын жүргізу кезінде арқан үзіліп кетіп, монтаждау көтергішінен екі жұмысшы 15-қабаттан биіктен құлап кеткен. 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында көз жұмды", - делінген полиция хабарламасында.

Ведомство мәлім еткендей, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Автор
Айбар