Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті

астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті

Тұрғындар ішінде жолаушы толы автобустың жолын жауып, шу шығарды. Көлік компаниясы болған жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Елордада әйелдер Family village тұрғын үй кешеніне бара жатқан қоғамдық көліктің жолына тұрып алды.

Желіде әйелдердің №47 автобустың қозғалысына кедергі жасап тұрған видео тарады.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=aUv-ImKJweA[/embed]

"Сендерден бұрын кім өтті, ол неге бізді алмады? Енді сен де тұрасың. Оқушыларды түсіріп кетті, сұмдық",- дейді әйелдердің бірі автобус жүргізушісіне.

Диалогта боғауыз сөз қолданылады. Видео JEXEN NEWS Telegram каналында жарияланған.

"Астана LRT" көлік компаниясы болған оқиғаны түсіндірді.

"13 қараша күні сағат 07:50 шамасында №47 бағытта жүретін автобус сынып қалды. Одан кейін келе жатқан осы бағыттағы автобусты адамдар тоқтатып, бұған дейінгі автобустың соңғы аялдамаға неге бармағанын түсіндіруді талап етті", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне компаниядағылар.

Тағы оқыңыз: "Бәрі шошып кетті": автобус жүргізушісі аялдамада болған сұмдық туралы айтты

№47 автобус жүргізушісіне аялдама қарастырылмаған жерде тоқтап, адамдарды кіргізуге тура келген.

"Жүргізуші боғауыз сөзсіз жауап беруі тиіс болатын. Бұл әрекеті үшін ол көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығына жіберілді. Қайта оқытудан өтеді", - деді компанияның баспасөз қызметі.


sputniknews.kz
Автор
Данияр