KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанада бес қабатты ғимарат өртеніп жатыр - видео

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді. Қала тұрғындары оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқырмандар редакцияға Астанадағы өрттің фотосы мен видеосын жолдады.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртсөндірушілер Есіл ауданы, Ақмешіт көшесіндегі салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағындағы өртті сөндіріп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру жасақтары жетті. Өрт жоғары дәреже бойынша сөндіріліп жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →