KZNEWS.KZ
Әлеумет

Астанада белгісіз ер адам оқушы қызды аңдыған: полиция пікір білдірді

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

«Қызымның айтуынша, кеше мектептен шыққан кезде оның соңынан қара көзілдірік таққан бір ер адам ерген. Ол қызым мінген автобусқа да отырып, қызыммен бірге түскен. Қызым қаша бастағанда, әлгі ер адам да оның артынан жүгірген. Абырой болғанда, қызым үйіміздің кіреберісіне жүгіріп кіріп, есікті жауып үлгерген», – деп жазды анасы.

Оның айтуынша, біраз уақыттан кейін қызы әлгі ер адамды үйдің ауласынан тағы көрген. Бұл жолы ол аулада ойнап жүрген басқа бір қыздың соңынан ерген көрінеді.

«Қызым қатты қорқып қалды, қазір үйден шығуға да қорқады.Біраз уақыттан кейін қызым оны біздің үйдің ауласынан көрген. Ол аулада ойнап жүрген бір қыздың соңынан еріп жүрген. Ата-аналар, балаларыңызға көз қырын салып жүріңіздерші. Бұл сұмдық қой! Енді қызымды мектепке өзім апарып, өзім алып қайтатын боламын», – деп жазды анасы.

Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Осындай жағдайларда жедел әрекет ету үшін тұрғындардан осыған ұқсас оқиғалар туралы полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз», – деп мәлімдеді полиция.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →