KZNews.kz
Қоғам

Астанада белгісіз біреу Министрліктер үйін өртемек болды

Айжан Сыланова
Фото: astanovka98

Оқиға бүгін таңғы сағат 8 шамасында Үкімет үйінің 11-подъезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа шашқан. Соның салдарынан өрт тұтанып, жағдай ушыға жаздады.

Абырой болғанда, оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметі жалынды өрт сөндіргіш құралдың көмегімен тез арада ауыздықтады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →