«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада автобусты жүргізіп келе жатқан жүргізушінің жүрегі тоқтап қалды (видео)

Астанада автобусты жүргізіп келе жатқан жүргізушінің жүрегі тоқтап қалды (видео)


Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі тұрақты маршрутпен қозғалыс кезінде тоқтап қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


CTS компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 27 шілдеде 10:20 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған.

"1961 жылы туған жүргізуші маршрутпен келе жатқанда есінен танып, салдарынан жарықтандыру бағанына соғылды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Өлімнің алдын ала себебі – жүректің тоқтауы. Ол демалыстан кейін 2-ші күні жұмыс істеп жүрген. Рейс алдындағы медициналық тексерістен өткен уақыты – 05:54”, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Жол апаты салдарынан өзге зардап шеккендер жоқ.



Автор
Айбар