"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада автобус жүргіншілер жолағында бойжеткенді қағып кетті (фото) - новости Казахстана

Астанада автобус жүргіншілер жолағында бойжеткенді қағып кетті (фото) - новости Казахстана

Астана қаласында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында қызды қағып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp

Бұл туралы Ramil Kozhabaev есімді желі қолданушысы Facebook-тағы «Астана хочу похвалить/пожаловаться» тобында жариялаған.

Желі қолданушысы автобус жүргізушісінің қызметін сынға алды.

Әлеуметтік желідегі жазбаға Astana LRT компаниясының консультанты жауап берген.

"20 желтоқсанда №54 автобус маршруты Түркістан көшесі бойымен Алматы көшесі бағытына келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағына күтпеген жерден шыққан қызды қағып кетті. Оқиға кезінде автобус жылдамдығы 29 км/сағ құрады", - деді компнаия қызметкері.

Сондай-ақ жәбірленушінің қалалық №2 ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жұмыс істеп, автобус жүргізушісіне протокол толтырды.

Автотұрақ басшылығы жүргізушіні жұмыстан шығарып, "қара тізімге" қосты.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp

Автор
Арман