"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті

Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті

Астанада жаяу жүргіншілерге арналған жолда автобус бойжеткенді қағып кетті.

«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің өкілдерінің хабарына қарағанда, 20 қараша күні № 54 автобусы Түркістан көшесімен Алматы көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Жаяу жүргіншілер жолына кенет шыға келген бойжеткенді қағып кеткен. 

Оқиға кезінде автобустың жылдамдығы 29 шақырым/сағат болған. Зардап шеккен қыз № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметінің мамандары автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

«Басшылықтың шешімі бойынша аталған автобустың жүргізушісі лауазымынан босатылып, «қара тізімге» кіргізілген. Ендігі жүргізуші қоғамдық көлікті жүргізе алмайды», - делінген хабарламада.

Автор
Мадияр