Астанада тұрғын үй ауласында болған жол апаты салдарынан бір жарым жастан асқан сәби қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Иманов көшесі аумағындағы тұрғын үй аулаларының бірінде тіркелген. Полицияның мәліметінше, Kia Seltos маркалы көлік 1 жас 8 айлық баланы қағып кеткен.
Алдын ала деректерге сәйкес, сәби кенеттен жол бөлігіне жүгіріп шыққан. Алайда алған жарақаты тым ауыр болып, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.