Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада адамдар отырған автобус өртенді

Астанада адамдар отырған автобус өртенді

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 жолаушылар автобусының артқы дөңгелегі отқа оранған

Астанада жолаушылар автобусында өрт шықты, деп хабарлайды еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Оқиға бейсенбі,3 қаңтарда болған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Өрт сөндіру қызметіне Астанада Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті. Артқы дөңгелек тұтаныпты», — деп мәлімет берді ведомство.

Өрт 12:36-да ауыздықталып, 12:38-де сөндірілді. Автобуста болған адамдар зардап шекпеген. Өрттің себебі анықталып жатыр. Астанада таңертең ерте жекеменшік балабақшада өрт болды. Балабақша етіп жасалған коттедждің жертөлесінде дизель құйылған ыдыс жана бастапты. Өрт тез арада сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ – өрт шыққан кезде балабақшада балалар мен тәрбиешілер болмаған.

Автор
Бауыржан