Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада 17 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады

Астанада 17 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы жаңа стадионға қаржы қайтарылған активтерден жұмсалады. Кешеннің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Елордада бой көтеретін спорт нысаны 3598 орынға есептелген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар да қарастырылған.

Жаңа стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана әкімдігінің №8олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру көзделген.

Автор
Данияр