KZNews.kz
Қоғам

Астана-Павлодар тас жолында жеті көлік соқтығысты: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар (видео)

Торғын Абушахман

Астана-Павлодар трассасында жеті көлік жаппай соқтығысып, салдарынана екі адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

"13 жетоқсан күні Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында, Павлодар бағытына қарай, 94–95 шақырымда жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Бұған дейін Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапқан еді. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →