Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана маңындағы ауылдарға автобус жиі қатынайтын болды

Астана маңындағы ауылдарға автобус жиі қатынайтын болды
17 Қараша 2018, 16:49 423 0

Астана, BAQ.KZ. Астана маңындағы Жалтыркөл және Жібек Жолы ауылдарының тұрғындары үшін 17 қарашадан бастап №316 бағдардың қозғалыс интервалы қысқарады, деп хабарлайды «Astana LRT» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

«Сағат 15:00-де Астанадан және 17:05-те Жалтыркөлден 2 қосымша рейс қосылды. Сағат 18:00-де Астанадан жүретін автобустың жүру уақыты 20 минутқа жылжыды. Рейс 18:20-да жүретін болады», - делінген хабарламада.

Аймақтық автобустардың жүру кестелерімен 109 нөмірі арқылы немесе @astanalrt инстаграм парақшасында танысуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар