Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Маңғыстау

Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Маңғыстау

Қазгидромет синоптиктері елдің бірқатар өңірінде жел күшейіп, қар жауатынын хабарлады. Үш өңірде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығыста та қар күтіліп отыр. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.

Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы  - 18 м/с.  

Маңғыстау облысында 13 қараша күні тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Ақмола өңірінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстанда  - боран, Қостанай облысында – тұман күтіліп отыр.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Алматы облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жалаңашкөл жақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысында тұман күтіліп отыр. Түнде және таңертең 15-20 м/с жел болады.

Түркістан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарында тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз 12-14 градус жылы, түнде 1-3 градус нөлден жоғары.

Алматыда да жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы күндіз 6-8 градус жылы, түнде плюс 1-3 градусты көрсетеді.

13 қараша күні астанада күн ашық болады. Күндіз температура минус 1-3 градус, түнде 4-6 градус салқын.


sputniknews.kz
Автор
Данияр