Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әскери қызметкер Маңғыстаудағы полигонда көз жұмды

Әскери қызметкер Маңғыстаудағы полигонда көз жұмды

Марқұмның аты Асқар Арашбай. Биыл ол 20 жасқа толыпты. Өткен жылдың күзінде колледж бітіргеннен кейін Түркістан облысынан әскерге шақырылған. Оқиға орнына "Запад" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған комиссия жіберілді, деп хабарлайды ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Ведомствода 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонында жұмыс жүргізу кезінде оқу полигонында белгісіз заттың жарылғаны туралы хабарланды. Нәтижесінде бір әскери қызметкер әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Медицина қызметкерлерінің күш-жігеріне қарамастан, әскери қызметкер ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тексеруді бастады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

фото: ғаламтордан

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары