"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әскерге бару рәсімі жеңілдеді: MyArmy.kz интернет- порталы арқылы өтінім беруге болады

Әскерге бару рәсімі жеңілдеді: MyArmy.kz интернет- порталы арқылы өтінім беруге болады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Министрліктің мәліметінше, MyArmy.kz азаматтар мен әскер арасындағы бірыңғай цифрлық алаңға айналады.

«Енді азаматтар мерзімді немесе келісімшарт негізіндегі әскери қызметке онлайн өтінім бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен танысады, жаңалықтар мен қажетті материалдарға қол жеткізе алады, сондай-ақ кері байланыс формаларын пайдалана алады. Бұл қадам әскерге шақыру рәсімдерін жеңілдетуге, комиссиялардың ашықтығын арттыруға және бюрократияны азайтуға бағытталған. Құжаттарды тіркеу мен ресімдеу толықтай онлайн жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – әскерге шақырылушылардың өз мамандығына сәйкес әскери бөлімді таңдай алу мүмкіндігі. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жастардың мотивациясын көтеріп, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар министрлік өтінімдерді қарау тәртібін де түсіндірді:

  • «құрылды» мәртебесі – өтінімнің тіркеліп, тексеріс жүріп жатқанын білдіреді;
  • «өңделуде» – тексеріс аяқталып, медициналық комиссиядан өту қажет екенін көрсетеді;
  • «қабылданды» немесе «қабылданбады» – медициналық тексеріс пен жеке қабілеттері сараланғаннан кейінгі соңғы шешім.

Айта кетейік, жоба қазірдің өзінде Алматы облысындағы №78460 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.