Әскерде ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан ауруханаға түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ұлпан Советбекқызы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.
«Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды», – деп жазды Ұлпан Советбекқызы.
Ол бұл ақпаратты Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша жариялағанын айтты.
«Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр», – деді ол.