Қоғам

Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады

Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады
Фото: әлеуметтік желіден

Маманның айтуынша, соңғы бірнеше айда Ербаян айтарлықтай алға жылжыған. Арқасын тік ұстауды үйреніп, өздігінен тік тұрып, мойын бұлшықеттерін басқаруға қабілетті бола бастаған.

Сол қолы мен аяғында қимыл реакциясы пайда болған. Сонымен қатар салмақ қосып, енді тағамды арнайы зондсыз, ауыз арқылы қабылдайды.

«7,5 ай ішінде бұл – үлкен жетістік. Емделу баяу жүріп жатыр, бірақ тұрақты. Мұндай жағдайда ең маңыздысы – үміт пен табандылық», – деді массажист.
 

Оның айтуынша, екінші кезеңдегі емін жалғастыру үшін Ербаян тағы да Ыстанбұлға аттанады. Массажист жігіттің толық сауығып кететініне сенімді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz