«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: nur.kz

Қорғаныс министрлігі  Жамбыл облысындағы сарбаз өлімінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы Жамбыл облысында қаруды пайдалану кезінде алған оқ жарақат салдарынан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталады.
  
"Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен комиссия жіберілді. Жағдай Министрдің жеке бақылауында", - дейді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің басқолбасшысы Мереке Көшекбаев.

Ацйта кетейік, Бас прокуратура 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде алған жарақатынан көз жұмған  мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі