Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаз жұмбақ жағдайда қаза тапты

Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаз жұмбақ жағдайда қаза тапты
Фото: әлеуметтік желіден

Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, ресми нұсқа – «өз-өзіне қол жұмсау» деген қорытындыға сенбейтінін айтты.

«Өткен күзде інім Даниял әскерге кеткен еді. Көктемде егізі Дінмұхамед те бірге борышын өтеу үшін шақырылды. Алғашында бірге қызмет еткенмен, ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамедті ағасынан бөліп, Мәтібұлақтағы 01098 әскери бөліміне жіберді. Дәл сол жерде қайғылы жағдай болды», – деді ол.

29 тамызда ғана 19 жасқа толған Дінмұхамедті туыстары еңбекқор, мейірімді, болашағына сеніммен қараған жас ретінде сипаттады.

«Жуырда ғана оны әскерге қуанышпен шығарып салдық. Енді анасы ұлын жансыз күйде қарсы алып отыр. Оның өлімін суицид деуі бізге түсініксіз. Біз шындық пен әділдікті талап етеміз», – деді Еңлік Қалтаева.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.