Қанат Ниязбековтің отбасы мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"14 сарбаз Қазақстанға қайтарылады": СІМ мәлімдеме жасады

"14 сарбаз Қазақстанға қайтарылады": СІМ мәлімдеме жасады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықты 8 қазанда Қазақстанның елшілігіне жеткізеді деген ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін олардың туыстарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Мейірман Шәкеев алғашқы 14 азаматты Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізу жоспарланғанын хабарлаған еді.

Алайда СІМ бұл мәліметті тексерілмеген ақпарат деп атады.

«Біз бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген ақпарат таратуға жол берілмеуі керек. Бұл жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырып, жалған үміт тудырады және азаматтарды қорғау бойынша министрліктің жұмысына қиындық келтіруі мүмкін», – деп мәлімдеді ведомство.

Министрлік Ресей тарапымен келіссөздердің жалғасып жатқанын хабарлады. Әр азамат бойынша ақпарат тексеріліп, тексеру аяқталғаннан кейін қазақстандықтардың тізімі Ресей тарапына жіберілмек.

«Министрлік Ресей тарапымен әртүрлі деңгейде өзара іс-қимылды жалғастыруда. Мәселе тұрақты бақылауда. Жұмыс нәтижесі туралы СІМ қосымша хабарлайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл туралы майдан аймағында жүрген қазақстандық Айнабек Келдібектің әпкесі Сымбат Еркінбек мәлімдеген еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі