Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сарбаздар өлімі: Бас прокуратура Қорғаныс министрлігі басшылығы үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді

Сарбаздар өлімі: Бас прокуратура Қорғаныс министрлігі басшылығы үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді
Фото: gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарының арыздары бойынша Қорғаныс министрлігі басшылығы үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Бас прокуратура өкілдері қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналарымен жеке кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған. Заң аясында қылмыстық істер қаралып, тиісті тексерістер жүргізілген.

"Тергеу барысында барлық эпизодтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, осы мәселелерге жауапты Қорғаныс министрлігі басшылығының үстінен де іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Әрбір лауазымды тұлғаның қызметтік міндетіне қарай зерттеу жүргізілуде", - деді Асылов.

Министр мен оның орынбасарларының жауапкершілігі туралы сұраққа Асылов «олардың қатарында осы мәселеге жауапты адамның бәрі бар» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, былтыр 8 қарашада Президентінің Әкімшілігі орналасқан Үкімет үйінің 16-кіреберісі алдында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шығып, әділ әрі ашық тергеу жүргізуді талап етті. Суықта жеті сағатқа жуық тұрған әйелдердің кейбірі есінен танып қалды. Кейін арнайы жасақ қызметкерлері оларды автобустарға отырғызып, полиция бөлімшесіне алып кеткен еді. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі