Еліміздегі бас қаланың аты өзгерген соң, Ақтөбе тұрғыны Nur-Sultan.kz доменін 24 миллион теңгеге сатып алды. Алайда белгісіз хакер парақшаны бұзды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
"Қазнетте қызықты оқиға орын алды. Кибрсквотер 24 миллион теңге тұрған (63 мың доллардан көп) Nur-Sultan.kz доменін сатып алды. Сосын ресурстың иесін белгісіз хакер бұзды. Хакер басты бетке шағын дефейс орнатты", — деп хабарлады Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы.
Парақшада балағат сөздері бар хабарлама тұр. "Мүмкін болашақта адамдар осындай қателіктерді жібермеуді үйренетін шығар. Домен үшін 24 млн...", — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, сайтқа Рик Эстлидің "Never gonna dive you up" атты әні салынған
stan.kz