KZNews.kz
Жаңалықтар

"Асанәлінің бір тал шашын түсірмей, алақанында ұстады": Бағдат Әшімова жоқтау айтып, жүректерді тебірентті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Бүгін қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Марқұм Кеңсай-1 зиратына жерленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

Ол көрерменге кинодағы Бекежан ("Қыз Жібек", 1971), Шадияров ("Атаманның ақыры", 1971), Мәмбет ("Сарқырама", 1973), Қасымханов ("Трансібір экспресі") және өзге де рөлдерімен таныс.

Ол режиссер ретінде де (Н.Гогольдің "Ревизор", Ғ.Мүсіреповтың "Амангелді", И. Оразбаевтың "Мен ішпеген у бар ма?!" және тағы басқа) кеңінен танылған.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында Мұхтар Әуезовтің "Абайында" Керім рөлін, "Еңлік-Кебегінде" Кебекті, "Қара қыпшақ Қобыландысында" Айшуақты, "Таңғы жаңғырығында" Жарасбайды, Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында" Қодарды және өзге де ірі кейіпкерлерді сомдаған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары