"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Асан» фильмі Ташкенттен жүлдемен оралды

«Асан» фильмі Ташкенттен жүлдемен оралды
01 Желтоқсан 2018, 15:42 115 0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Асан» фильмі Ташкент қаласында өткен 4-ші Халықаралық PROlogue кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

«Асан» фильмі фестивальдің қысқаметражды фильмдерге арналған конкурстық бағдарламасы шеңберінде көрсетілді. Кинотуынды әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды.

"Мен өте қуаныштымын. Маған сеніп, қолдау білдіргендері үшін «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына алғысымды айтамын. Бұл жүлде, мен үшін, үлкен мотивация", - деді марапаттау салтанатында жас режиссер Берік Жаханов.

Жалпы фестивальдің халықаралық байқауларына қатысуға 60 елден 280-нен астам өтінімдер келіп түскен екен. Нәтижесінде, конкурстық бағдарламаға 13 елден келген (АҚШ, Польша, Франция, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және т.б.) 31 кинотуынды іріктелініп алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр