Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы өмірден озды

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы өмірден озды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Күлімхан Төлендиева 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, қоштасу рәсімі ертең, алтыншы қаңтарда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды. 

Суыт хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне Мұхамедиұлының бұрынғы баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы растады. 

Күлімхан Төлендиева 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Күлімхан Төлендиевамен қоштасу рәсімі 6 қаңтарда, жерлеу рәсімі 7 қаңтар күні Алматы облысы Қырғауылды ауылында (Сарыптау, 1А мекен-жайы) өтетінін хабарлады.

© Photo : Отбасының жеке архивінен

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева

Күлімхан Жүндібайқызы 1939 жылдың 14 наурызында Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Сарытауқұм совхозында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) бухгалтер болып қызмет атқарған. Алты баланың анасы, "Күміс алқа" иегері. III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері.

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін мәдениет және спорт министрі болды.

2019 жылдың 10 шілдесінен ұлттық музейдің директоры қызметін атқарады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан