"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арыста тағы жарылыс болды

Арыста тағы жарылыс болды

5 шілдеде күндізгі сағат 14:30 шамасында Арыс қаласында тағы жарылыс болған. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаменті әскери қоймада "қалып қалған 1-2 снарядтың жарылғанын" хабарлады.

- Қала тұрғындарына еш қауіп жоқ. Тұрғындар қаладан кетіп жатыр деген ақпарат расталмады, - деді Әуезхан Бердалиев Азаттық тілшісіне түстен кейін.

Арыс тұрғындары Азаттық тілшісіне әскери қойма жақтан қатарынан төрт жарылысты естігенін айтты.

- Арасы шамамен 30 секундтан қатарынан төрт жарылысты естідік. Үйде кәдімгідей вибрация сезілді, - дейді аты-жөнін атамауды өтінген тұрғындардың бірі.

Есімін атағысы келмеген тағы бір тұрғын әскери қойма жақтан саңырауқұлақ пішінді түтін көтерілгенін, өзге тұрғындармен бірге өзі де қаладан кетуге оқталғанын айтты.

- Біз қаладан шығып бара жатқан кезде әскерилерді көрдік. Олар бізге "қалаға қайтыңдар, қорықпаңдар, еш қауіп жоқ" деп айтты. Тұрғындардың кейбірі сонда да қарамай кетті. Кейбірі қалада қалды, - дейді ол.


Azattyq
Автор
Әлихан