«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арыс және Отарда оқ-дәріні жоюға бөлінген миллиардтар қолды болды - Қазақстан жаңалықтары

Арыс және Отарда оқ-дәріні жоюға бөлінген миллиардтар қолды болды - Қазақстан жаңалықтары

Оқ-дәріні жойып қана қоймай, бюджет ақшасын "жоюды" да қолға алғандар белгілі болды. Экономикалық тергеу департаменті "Қазтехнологиялар" ұйымында 1,7 миллиард теңгені қолды ету дерегіне қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Арыс және Отар әскери бөлімдеріндегі оқ-дәрілерді жоюға бөлінген миллиардтарды жымқырған. "Қазтехнологиялар" ұйымы оқ-дәрілерді жоюмен және оқ шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері  "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы. Ұрлау жайлы деректер 2013 жылдан бері жүзеге асқаны белгілі болды. Компания басшылығына байланысты қылмыстық істің толық деректері әзірге тергеу амалдарына орай жарияланбайды.

"Қазтехнология" акционерлік қоғамында лауазымды тұлғалардың 1,7 миллиард теңге жымқырғаны анықталды. Бұл заңсыз әрекет оқ-дәрілерді жою барысында жүзеге асқаны белгілі болды", - дейді Болат Қамитов, Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы.


stan.kz
Автор
Данияр