Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сөзінің жаны бар”: Тойда уағыза айтып, қамалған қарияны танымал имам қорғап шықты

“Сөзінің жаны бар”: Тойда уағыза айтып, қамалған қарияны танымал имам қорғап шықты

Той үстінде айтқан сөзі үшін жауапкершілікке тартылған қарияға қатысты танымал имам өз пікірін білдірді. Дін өкілі қарияның әрекетін біржақты айыптауға болмайтынын айтып, мәселені заң аясында қарастыру қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Имамның сөзінше, Қазақстанда заң бәріне ортақ және аталған жағдай бойынша соңғы шешімді құқық қорғау органдары мен сот шығаруы тиіс. Оның пікірінше, қарияның айтқандарын қоғамда жаппай айыптау мәселенің мәнін ашпайды.

«Бұл кісі жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап беріп жатыр. Бізде заң бар, ол бәріне ортақ. Мүмкін кешірім болады, мүмкін сот шешім шығарады, бәлкім басқа да шара қолданылар. Оны заң анықтайды», – деді ол.

Дін қызметкері сонымен қатар қарияның сөздерінің мазмұнында белгілі бір уәж бар екенін атап өтті. Алайда оның ойынша, мәселе айтылған пікірдің өзінен гөрі, оны жеткізудің формасы мен орнына байланысты туындаған.

«Айтатын нәрсесі айтылатын жерде айтылмады, айтылатын уақытта айтылмады, сөздер дұрыс таңдалмады. Адамдар қабылдай алмайтын сөздер айтылды. Бірақ оның сөзінің астарында белгілі бір мән бар екенін де ескеру керек», – деді имам.

Ол тойдағы жағдайға діни тұрғыдан баға беріп жүрген азаматтарды да сынға алды. Имамның пайымдауынша, адамды бір ғана әрекетіне қарап жаппай қаралау мұсылмандық ұстанымдарға сәйкес келе бермейді.

«Адамға ұнайын деп жүріп, Алланың ашуына тиетін іс жасап қоймаймыз ба? Біз бәрібір Алланың алдында жауап береміз. Сол себепті бұл адамды жұрттың алдында соншалықты қаралаудың өзі мұсылман қауымына қаншалықты жарасады?» – деді ол.

Алайда имамның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қолдау таппады. Керісінше, кейбір азаматтар дін өкілінің ұстанымына қарсылық білдіріп, қарияның әрекетін ақтауға болмайтынын жазды.

«Мынаны да қосып соттау керек», «Егер сол тойда анам, әпке-қарындастарым отырса, үлкен кісі түгілі өз атам болса да, мұндай сөзге қарсы шығар едім», «Шариғат деп өзің де ақтап отырсың», – деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Осылайша, имамның қарияны жақтап айтқан пікірі қоғамда жаңа пікірталас туғызып, мәселенің діни және құқықтық қырларына қатысты түрлі көзқарастың барын көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.