«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"АрселорМиттал Теміртауға" тиесілі шахтада тағы да апат: әлі іздестіріліп жатқандар бар

"АрселорМиттал Теміртауға" тиесілі шахтада тағы да апат: әлі іздестіріліп жатқандар бар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 224 қызметкер жер бетіне шығарылды, 3 адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

"Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шахтада барлығы 227 адам болған, үш адам әлі жер астынан шығарылмады.

“Оқиға орныңда "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында өрт шыққанын мәлімдеді. Қазір адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

фото: news.liga.net
Автор
Айбар