KZNews.kz
Шоу-бизнес

"АрселорМиттал Теміртаудың" атауы да, басшысы да өзгерді

KZNEWS

Компания баспасөз қызметі өкілдерінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін QARMET жаңа инвесторын еңбек ұжымына таныстырған. Сондай-ақ QARMET құрамындағы Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалғаны белгілі болды.

"Параграф" ақпараттық-іздестіру жүйесі сайтындағы дерекке сүйенсек, Талғат Темірханов 1987 жылы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008-2013 жылдары – "АрселорМиталл Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Саран" шахтасының техникалық бөлімінің бас маманы болып бастаған әрі 2013 жылға дейін түрлі қызметте болған. 

фото: azattyq-ruhy.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары