Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды

Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды

Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


ArmenPress басылымының мәліметінше, Армения ішкі істер министрлігі 6 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:28-де (Астана уақыты бойынша 18:28-де)  Жермук қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісін тіркелгенін мәлімдеген. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.

Артынша Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті уақыт бойынша 20:25-те (Астана уақыты бойынша 20:25) жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен 352 шақырым жерде Науаи облысының Тамдын ауданында орналасқан. Магнитудасы – 3,6 балл, тереңдігі - 10 метр. Эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 4 баллды құраған.

Екі елде де зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік.

Автор
Айбар

Журналист