Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Әрбір тәртіпсіздік жазасыз қалмауы керек»: спорт басқармасындағы атышулы жанжалға Қарағанды облысының әкімі араласты

«Әрбір тәртіпсіздік жазасыз қалмауы керек»: спорт басқармасындағы атышулы жанжалға Қарағанды облысының әкімі араласты
kznews.kz коллажы

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев спорт басқармасындағы атышулы жанжалға қатысты пікір білдіріп, жағдайға қатысты алдын ала шешім шығаруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Аймақ басшысы кез келген оқиға құқықтық тұрғыда бағалануы тиіс екенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысы заң шеңберінде кедергісіз жалғасуы қажет екенін жеткізді.

«Қандай жағдай болса да, оған құқықтық тұрғыдан баға берілуі тиіс. Әрбір тәртіпсіздік жазасыз қалмауы керек. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың жұмысы еш кедергісіз, заң аясында жалғасуы қажет. Бұл оқиға бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арнайы тексеру жүргізеді. Басқарма қызметі жан-жақты аудиттен өтеді. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық әрекетке тиісті құқықтық баға берілетін болады», – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппарат жиынында.

Сонымен қатар облыс әкімі шенділерді қызметтік әдеп нормасы мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Кез келген түсініспеушілік, келіспеушілік тек құқықтық жолмен шешілуі тиіс. Басшы қызметтік тәртіпке, ұжымдағы ахуалға, мемлекеттік мекеменің беделіне тікелей жауапты. Осыны бәріңіз есте сақтаңыздар», – деп қатаң ескертті ол.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер