Арбаға таңылған досымен ән айтқан жігіт жұрттың жүрегін ауыртты (ВИДЕО)
15.10.2018
06:56
0
0

Әлуметтік желіде сахнада арбаға таңылған досымен бірге ән шырқаған жігіт видосы айда болды. Бұл бейнежазбаны әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында жариялаған.
Жас жігіттер Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдулиннің орындауындағы "Досым" әнін айтқан. Олардың бірі арбада отырса, екіншісі қасында қолдау көрсетіп тұрған.
"Кеуде бөлек жаны бір достар көп болсын. Алла жар болсын бауырларға, жүрекке жылылық ұялатады мына көрініс", - деп жазған Әбіджаппар видео астына.https://www.youtube.com/watch?v=b1dskQjdybM
Бйнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары мүгедек жігітке зор денсаулық тілеп, адал достықтарының мәңгі болуын тілеген.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ