Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Күдікке ілінгендердің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі – 41 жастағы министрлік қызметкері   

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Жылқы ұрлығына қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы болуы мүмкін. Ақмолалық полицейлер Нұрсұлтан қаласы маңынан өлексесі табылған 46 бас жылқыны ұрлағандарды қолға түсірді.

"Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан елорданың Көктал шағын ауданына апаруға МАН жүк көлігіне артқан. Жан жағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен", - дейді Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанат Жылқыбаев.

Күдіктінің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі 41 жастағы министрлік қызметкері екен. Ол Қорғаныс министрлігінде дардай бөлім бастығы болған. Жылқы ұрлады деген күдікке іліккен қызметкер осыдан бір апта бұрын ғана министрліктен қуылыпты.

Тағы оқыңыз: "300 жылқы ұстадық". Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі

Елорда маңынан 28 бас жылқының өлексесі табылған еді. Малынан айырылған ерейментаулық кәсіпкердің арызы бойынша полиция тексерісі кезінде тағы 18 өлексе Қоянды ауылының маңынан табылды, деп хабарлады КТК.

Қазір екі күдіктіні Ерейментау аудандық соты екі айға абақтыға жапты. Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист