KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақынның авторлық кеші үшін бюджеттен 28 млн теңге: Нұр-Сұлтан қаласының тендері халықтың ашуына тиді

KZNEWS

Ақынның авторлық кеші қанша тұрады?

Нұр-Сұлтанда ақын Мақпал Мысаның (Тажмағамбетова) авторлық кешін ұйымдастыруға 28 млн теңге жұмсалған.

Тапсырыс беруші - Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы. Келісім-шарт "ARDA production" ЖШС жасалған.

Техникалық ерекшелігінде қызмет мерзімі ақпан-наурыз деп көрсетілген. Ал келісім-шарт 2020 жылдың 3 сәуірінде жасалған.

Техникалық ерекшелігіне сай, өнім берушіге қойылатын талаптар өте көп:


Шараның республикалық телеарналардың бірінен көрсетілуін қамтамасыз ету және т.б.
Сонымен бірге, техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар да жоғары.

Дереккөз: goszakup.gov.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары