"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақылға қонымсыз ойын ойнаған жастар сынға ұшырады

Ақылға қонымсыз ойын ойнаған жастар сынға ұшырады
Көлік ұту үшін сұмдық шарттарды орындауды талап ететін ойынға көпшілік шошыды. Тепсе темір үзетін азаматтар көрпе салып көшеде жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде көлікке ұтыс ойыны ойнатылып жатқан видео жарияланды. Ойнатылып жатқан көліктің маркасы BMV.

- Трубаны ең соңғы кім ұстап қалады, сол ұтады. Ойынның шартында темірді ұстап тұру керек. Әжетханаға шықпайды, ішпейді, жемейді. Сол ұстаған темірді ұстап тұру керек. Ең соңында 10 адам қалғанда, ұтысқа тігілген машинаны ұстап тұру керек. Ойыннан қазірдің өзінде 6 адам шығып кетті. Бұдан артық не демалыс керек, қолдарында телфон, ұйықтап демалып жатады, дейді ойын шартын түсіндірген Абылай есімді жігіт.

Оқырмандар "мынау неткен қорлау", "намазды осылай күтсе ғой", "Қайран уақыт-ай" деп жазды.

Автор
Айбар