Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде жер үйден әйел мен оның үш баласы өлі күйінде табылды

Ақтөбеде жер үйден әйел мен оның үш баласы өлі күйінде табылды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мүрделері табылды., деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.

"Ақтөбе облысының әкімі тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - делінген Ақтөбе облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталды.

Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.
 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі