«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде шетелдік студенттерді қорқытып, ақша алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Ақтөбеде шетелдік студенттерді қорқытып, ақша алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысында шетелдік студенттерді қорқытып, ақша алып жүрген ер адам қолға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтап, арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, ақша беру сәтінде ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген.

Бір күні компанияда кафедегі есепшотты төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің біріне қорқыту арқылы ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген.

«Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау жолымен шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңге ақшасын иемденген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.