Ақтөбеде 7 жасар баланың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті - Тосын жай

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері жұмысынан кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
"Первая помощь" ЖШС директоры Бақытжан Турметовтың айтуынша, Тілеу Сапаров жұмыстан кету туралы өтініш жазған. 9 қарашада жедел жәрдем станциясының ұжымына жаңа басшылықты таныстырылған.
"Бас дәрігер отставкаға кетті. Бүгінде бас дәрігер болып Мұрат Хадрединұлы Жанқұлов тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оны ұжымға таныстырып үлгерді", - дейді Турметов.
Басылым мәліметінше, төтенше жағдайдан кейін фельдшер, дәрігер және 103 диспетчері жұмыстан босатылған. Інжу Жанқынның өліміне қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Істі Денсаулық сақтау министрлігі бақылауда.
Айта кетейік, 3 қарашада Ақтөбеде 7 жасар Іншу Жанқын жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Туыстары жедел жәрдем каретасын 49 минут күткен. Дәрігерлер келген уақытта қыздың қайтыс болғанын айтқан.