Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады - Тосын жай

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады - Тосын жай

Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолдың нашар көрінуіне байланысты жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бұрылмақ болғанда Audi көлігін байқамай қалған. Нәтижесінде Audi жүргізушісі қарсы жолаққа қарай ұшып кеткен.

Жүргізушілер жол-апатын тіркеуді күтіп тұрғанда SsangYong көлігі келіп жедел жәрдем көлігін соғып кетіп, артынша Lada көлігімен соғысқан.

Жол апаты салдарынан Audi, SsangYong және Lada жүргізушілері, сондай-ақ, фельдшер зардап шеккен. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.


© "Территория происшествий"

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Санжар