Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысындағы ірі жол апаты: зардап шеккендер туралы жаңа дерек шықты

Ақтөбе облысындағы ірі жол апаты: зардап шеккендер туралы жаңа дерек шықты
Видеодан алынған скрин

Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа деректер жарияланды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта барлық алты науқас Ақтөбедегі ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Екі науқас жансақтау бөлімінде, қалған төртеуі жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Зардап шеккендердің арасында комада жатқан 16 жастағы оқушы да бар», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгін жол апатынан көз жұмғандар жер қойнына тапсырылды.

Еске салайық, 23 қазанда Самара–Шымкент тасжолының Белқопа ауылы маңында болған апат салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Кейін апатқа кінәлі жүргізуші анықталып, бұл жағдай бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.