Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісіне үкім шықты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісіне үкім шықты
Фото: Tengrinews.kz

Алматы қалалық соты кәсіпкер Александр Пакқа Әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты ісі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, яғни мас күйінде көлік жүргізіп, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол ережесін бұзу.

Жазасын ол қауіпсіздігі ең төмен деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ сот марқұм Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шотенов берген азаматтық талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Ол 100 млн теңге моральдық өтемақы сұраған, алайда сот 10 млн теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Прокурор сот жарыссөзінде де 10 жыл жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленуші тарап та ең қатаң жаза беруді талап еткен.

Соңғы сөзінде айыпталушы марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрап, жауапкершіліктен жалтармайтынын айтқан.

Іс материалдарына сәйкес, ол 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігімен Әл-Фараби даңғылында жоғары жылдамдықпен қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Сотта апат сәті бейнежазба арқылы көрсетілген.

Іс барысында кейбір жәбірленуші тараптар айыпталушымен татуласқанымен, Томирис Қыдырбек ісі бойынша талап толық жабылмаған, тек ішінара қанағаттандырылған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі