KZNews.kz
Қоғам

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып кетті: 5 адам ажал құшты

Torgyn Abushakhman

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жол апаты 7 желтоқсан күні шамамен сағат 8:40-та Самара-Шымкент тас жолының 1024-ші шақырымында болған.

“Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысы бағытында келе жатқан автобус Ұлғайсын ауылының маңында оң жаққа аударылған. Автобуста Пермь – Ташкент бағыты бойынша кетіп бара жатқан 49 жолаушы болған”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті, 11 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Өзбекстаннің төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі өзбекстандық болып шықты.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары