KZNews.kz
Қоғам

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Torgyn Abushakhman

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kznews.kz

Оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған. DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

АДАМ ӨЛІМІ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары