Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында сот төрағасы ұсталды

Ақтөбе облысында сот төрағасы ұсталды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сот төрағасы күзетілетін "Ақман" мемлекеттік қорығына рұқсатсыз кірген адамдардың арасында болған екен

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан мемлекеттік қорықта ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға алтыншы қаңтарда болған.

Облыстық сотқа Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округінің "Ақман" мемлекеттік қорығының күзетілетін аумағына рұқсатсыз кірген адамдардың ұсталғаны туралы хабарлама түсті.

"Олардың арасында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген мәліметте.

Айта кетейік, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысындағы күзетілетін "Ақман" қорығына мемлекеттік қызметкерлердің рұқсатсыз кіргені туралы хабар тараған болатын.

Ұсталғандардың арасында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да болған екен.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан