KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Ақтөбе облысында Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Жол апаты 26 ақпанда сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде, Қарабұтақ-Қостанай тас жолында болды. 

Полицейлердің мәліметтері бойынша, жолдың тайғақ учаскесінде автобус кюветке шығып, бүйіріне қарай аударылған.

Автобуста болған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Ал үш жүргізуші - қазақстандықтар.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульдік полиция мен ТЖД күшімен жолаушылар кемпингке жеткізілді.


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →