Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтаудағы жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Ақтаудағы жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті - Қазақстан жаңалықтары

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған бала көліктің астында қалды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=jShAWsDmlOo[/embed]

Оқиға 24 ақпанда шамамен 11:55 уақытында болған. Ақтау қаласының 11-ші және 10-шы аудандары арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік Қашаған Құржиманұлы ескерткіші алдында кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Оқиға сәті бейнекамераға түсіп қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жігіт бастың жабық жарақатын алған, сол жақ аяғы сынған және I-II дәрежелі травматикалық шок алған. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің жеке тұлғасы анықталды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.


stan.kz
Автор
Данияр