Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды

Ақтауда спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды

Маңғыстау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев пара алды деген күдікке ілінді, деп xабарлайды Prosports.kz.

Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 31 қаңтардағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұрбек Қарабалаевты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші қанағаттандырылып, он тәулікке қамауға алуға санкция берілген. 

«Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаевқа мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылып отыр»,-деп xабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу ісі басталды.


prosports.kz
Автор
Санжар