KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақтауда құлаған ұшақтағы жолаушылардың тізімі шықты

KZNEWS

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан жаңа ақпараттар келіп түсті. Бұл туралы t.me/nehabar телеграм-арнасы жариялады.

Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (олардың бірі бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді.

Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болды. Жергілікті жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.

Әзірбайжан БАҚ-тың ақпарат көздеріне сүйенсек, ұшақ тұманға байланысты Грозныйға қонуға рұқсат ала алмады деп жазады. Ол Махачкалаға, содан кейін ғана Ақтауға ұшқан.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары